19:08, 03 Наурыз 2026 | GMT +5
Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 3 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1474 — 1912 шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би кенті — Бәйгеқұм ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жолды 2026 жылы 4 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде биыл республикалық маңызы бар қай жолдар жөнделетінін жазған едік.