Қызылорда облысында медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

прокуратура
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Жаңақорған ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының жай-күйіне талдау жүргізді.

«Нәтижесінде Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасындағы 331 қызметкерге тиесілі 21,5 млн теңге көтермелеу қаражаты төленбей, конституциялық құқығының бұзылуына жол берілгендігін анықтады. Атап айтқанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент бойынша өткен жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына төленбеген. Осылайша медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Прокуратура тарапынан қабылданған шаралар бойынша 331 медицина қызметкеріне тиесілі көтермелеу ақша қаражаты төленіп, бұзылған құқықтары қорғалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полицейлер 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді ұстады.

 

Соңғы жаңалықтар