Қызылорда облысында рейд кезінде 362 құқық бұзу дерегі тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шара өтті. 

Қызылорда облысында рейд кезінде 362 құқық бұзу дерегі тіркелді
Фото: Polisia.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, рейд барысында 362 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды.

– Тиісті құжатсыз көлік басқарудың 31, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 101, қауіпсіздік белдігін қайталап тақпаудың 44 дерегі тіркелді. Сонымен қатар көлік терезелерін заңсыз қараңғылау және ЛЭД жарық шамын орнатудың 36, күндізгі жарық шамын жақпаудың 10, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 13 дерегі анықталды. 1 жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндесе, 8 адам автокөлік құжаттарын өзімен бірге алып жүрмеген, - делінген хабарламада. 

Барлық құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 55 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Осы орайда тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады. 

Жуырда Сенат депутаты Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатындар айыппұлды жоғары сомада төлеуі керек екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум