Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі аяқталғанын хабарлады.

Сырдария
Фото: ТЖМ

- Бүгін, 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталды. Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылды, яғни сеңнің жүруі Кіші Арал теңізіне жетті, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды. Мұз осы жолды сыни жағдайларды тудырмай, еңсерді.

Облыста өзендегі су деңгейінің мониторингі жалғасуда.

- Тұрғындарға су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз, - деп толықтырды ТЖМ-нан.

Айта кетейік, су тасқынына байланысты Құлсарыға Атырау мен Маңғыстаудан көмек келді.

Соңғы жаңалықтар