Қызылорда облысындағы жол бөлігінде көлік қозғалысы шектеліп, ШҚО-да жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 21:00–де ауа райының қолайсыздығына байланысты байланысты «РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1474-2000 шақырым аралығында (Әйтеке би ауылынан Жаңақорған ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

ШҚО-да боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің хабарлауынша, аталған жолды 6 желтоқсан күні таңғы сағат 07:00–де ашылады. 

Ал Шығыс қазақстан облысында сағат 21:00–де республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашылды. 

Дегенмен ауыр және қоғамдық көліктер үшін шектеу сақталады.

Осыған дейін боран, көктайғаққа байланысты Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірі жабылғаны туралы хабарладық. 




Соңғы жаңалықтар
Референдум