Қызылорда облыстық әуесқой бокс федерациясының басшысы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысы бойынша әуесқой бокс федерациясының президенті болып Қанат Көшенов тағайындалды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасынан хабарлады. 

Қызылорда облыстық әуесқой бокс федерациясының басшысы тағайындалды
Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Қанат Көшенов 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жиырма жылдан астам уақыт қаржы саласында еңбек еткен. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік ұйымда басшылық қызметте болды. 

Оның кандидатурасын Қазақстан бокс федерациясы ұсынды. Қызылордада өткен облыстық федерация басшысын сайлау жиынында ұсынысты көпшілік бірауыздан мақұлдады. 

Айта кетейік, жуырда Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың келісімімен Жәнібек Сыздықов «Қызылорда облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. 

Соңғы жаңалықтар