Қызылорда полицейлері интернет алаяқтықпен айналысқан киберқылмыстық топты ұстады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысының полицейлері интернет алаяқтықпен тұрақты айналысып, қазақстандықтарға аса ірі мөлшерде залал келтірген қылмыстық топты ұстады.

алаяқтық
Фото: polisia.kz

Облыс прокуратурасы мен полиция департаменті бірлесіп «IT-TERGEU» жобасын жүзеге асырып жатыр.

«Осы мақсатта арнайы жедел тергеу іс-шаралар жүргізу барысында интернет алаяқтықпен тұрақты айналысқан қлымстық топ қолға түсті. Олар жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде залал келтірген. Қылмыстық топтан айғақ зат ретінде 16 дана ұялы телефон, бірнеше қолданылған сим карталар, «Роутер» құрылғысы және 3,5 млн теңге ақша алынды. Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желіні пайдаланушыларына «Несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға бағдарлама жасаймыз» деген жалған ақпарат таратқан. Сол арқылы өздерінің интернеттегі IP-мекенжайын, ақша түсірген банктік есепшотын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы 45 млн. теңге ақшаны алаяқтық жолмен жымқырған деген күдікке ілінді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тергеу сотының қаулысымен күдіктілерге екі айға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласында есірткіні жарнамалайтын 50-ден астам граффити-жазулары жойылды.

Соңғы жаңалықтар