Қызылорда театры халықаралық фестивальде тағы топ жарды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM  - 20-25 қазан күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында «ART-ORDО» халықаралық театр фестивалі өткен болатын.

театр
Фото: Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

Мәдени байқауға Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры А.Островскийдің «Найзағай» драмасын ұсынды.

театр
Фото: Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

- Нәтижесінде театр ұжымы І орынға ие болса, қойылымның режиссері Дина Жұмабаева «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды. Осы уақыт аралығында «Найзағай» драмасы халықаралық фестивальде екі мәрте бас жүлдеге ие болған еді, - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Биылғы фестиваль Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына және қырғыз жазушысы Мар Байджиевтің 90 жылдығына арналды. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінен келген театр ұжымдары қойылымын сахналады.

театр
Фото: Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

Еске салсақ, Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы бұған дейін QITFEST халықаралық театр фестивалінде алтын жүлдені еншіледі.

Соңғы жаңалықтар