Қызылорда театры халықаралық фестивальде топ жарды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада КСРО халық артисі Сәбира Майқанова атындағы халықаралық театрлар фестивалі қорытындыланды.

Қызылорда театры халықаралық фестивальде топ жарды
Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Грузия, Румыния, Қырғызстан мемлекеттерінен және еліміздің әр түкпірінен келген шығармашылық ұжымдар 24-30 сәуір аралығында сырбойылықтарға түрлі тақырыптағы және жанрдағы үздік қойылымдарын ұсынды. Олардың еңбегін бағалаған қазылар алқасы фестивальдің жабылу салтанатында топ жарған ұжымдарды марапаттады. 

Қызылорда театры халықаралық фестивальде топ жарды
Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Нәтижесінде бас жүлдені А.Островскийдің «Найзағай» драмасымен Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры (Қызылорда) иеленді. І орынға С. Елубайдың «Хансұлу» перформансымен Атырау жастар театры, ІІ орынға М.Каримнің «Ай тутулган тундо» драмасымен Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры лайық деп танылды. Ал ІІІ орын У.Шекспирдің «Гамлет» драмасын ұсынған Н.Думбадзе атындағы мемлекеттік кәсіби балалар мен жасөспірімдер театрына (Грузия) бұйырды.

Қызылорда театры халықаралық фестивальде топ жарды
Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Одан бөлек «Үздік актерлік ансамбль», «Ең үздік суретші», «Ең үздік ер бейнесі», «Ең үздік әйел бейнесі», «Ең үздік пластикалық шешім», «Екінші пландағы үздік ер бейнесі», «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» номинациясының иегерлері анықталды.

Қызылорда театры халықаралық фестивальде топ жарды
Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Айтулы шараны Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырды.

Қызылорда театры халықаралық фестивальде топ жарды
Фото:Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Шараға Қазақстанның Еңбек Ері, Халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов қатысты.

Соңғы жаңалықтар