Қызылордада 250-ден аса электр бағанасы құлап, 80 шақырымға жуық желі үзілді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қыстың соңғы күндері қызылордалықтарды табиғаттың тосын мінезі әбден әбігерге салған болатын. Облыс әкімдігі сының салдарын жою жұмысы әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Нөсер жаңбыр, қатты жел мен аяздың кесірінен Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарына қарасты бірқатар елді мекендегі электр желілеріне, қондырғыларға, ағаштарға зақым келді. Барлығы 250-ден астам электр бағанасы құлап, 80 шақырымға жуық желі үзілді.
— Апатты жағдайды қалпына келтіру мақсатында жедел штаб құрылды. «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясының 170-тен астам маманынан құралған жедел жөндеу бригадалары, 80 арнайы техника жұмылдырылды. Тұрғындарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде электр энергиясымен қайта қамтамасыз ету үшін 24 сағат бойы үзіліссіз, күшейтілген режимдегі жұмыс екі ауысымда жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, көктайғақ кезінде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы шектеліп, коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшірілді.