Қызылордада 40 бейнебақылау камерасы жасанды интеллект көмегімен жұмыс істеп тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтау мақсатында 272 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Қызылордада 40 бейнебақылау камерасы жасанды интеллект көмегімен жұмыс істеп тұр
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның 53-і қоқыс жәшіктері орналасқан аумақтарда тұр.

Жедел басқару орталығының 40 камерасы жасанды интеллект алгоритмінің көмегімен жұмыс істейді. Оның ішінде бейне ағынын өңдеуге, талдауға мүмкіндік беретін пилоттық режимдегі Target EYE бағдарламасына қосылған. 

– Жыл соңына дейін тағы 1400 бейнебақылау камерасы орнатылып, бағдарламаның қоғамдық орындарды ластау дерегін автоматты түрде анықтау функциясы толық іске қосылады – деді департамент бастығының орынбасары Сәбит Ибадулла. 

Жыл басынан бері көпшілік орындарды ластаған, абаттандыру қағидаларын бұзған 5,5 мыңнан астам дерек анықталды. 

Облыстық полиция департаменті жақында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы синтетикалық есірткі заттарын жарнамалайтын 71 сайтты бұғаттады.

Соңғы жаңалықтар