Қызылордада 6 вагон рельстен шығып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Оқиға 2 қаңтар күні сағат 17.10-да «Нұр Назар» серіктестігінің кіреберіс жолында, яғни Қызылорда жүк тасымалдау бөлімінің Белкөл стансасында маневрлік жұмыс кезінде болған. 

Қызылордада 6 вагон рельстен шығып кетті
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, тазалық жұмысы кезінде жолдың бұрылыс бөлігінде 6 вагон сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен рельстен шығып кетті. Оның 4-еуі дизель отыны тиелген цистерна болса, қалғаны – бос вагондар. 

– Алдын ала мәлімет бойынша вагондар жерге қырымен түскен. Жапа шеккендер жоқ. Бұл оқиға пойыздардың негізгі жолмен қозғалуына еш кедергі жасамайды. Жылжымалы құрам мен жолға да кесірі тимеген. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 31 қаңтар күні Талдықорғанда пропан тиелген екі цистерна рельстен шығып кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар