Қызылорда әкімдігі ағаштар неге қурағанын түсіндірді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласында қаланы абаттандыру бағытында отырғызылған ағаштардың шіріп жатқаны туралы жергілікті тұрғындар мен белсенділер дабыл қағып мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты Kazinform тілшісі қала әкімдігіне хабарласып, жағдайды білген еді.

Қызылордада ағаштар қурап жатыр
Фото: Қылорда әкімдігі

Әкімдік өкілдеріне хабарлауынша, облыс орталығында көгалдандыру жұмысы жоспарға сәйкес жүріп жатқанын мәлімдеді.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері қала аумағында 46 мыңнан астам тал егілді. Көшеттерді сақтау, көбейту және жүйелі түрде күтіп-баптау мақсатында қала әкімдігі мен «Kazstroy Capital Kyzylorda LTD» ЖШС арасында 5 жыл мерзімге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты жасалды. Жоба аясында барлық ағаш құжаттандырылды.

абаттандыру
Фото: Қызылорда әкімдігі

- Тексеру нәтижесінде әлсіз, ауру және қураған ағаштар анықталды. Олардың жағдайын білу үшін ғылыми қорытынды әзірленіп жатыр. Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде аймақтың климаттық жағдайына бейімделген, оның ішінде құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлері, сонымен қатар теректер егіледі. Ағаш түрлері мамандар кеңесіне қарай таңдалады. Жасыл желек автоматты, механикалық әдіспен және қолмен суарылады. Бүгінгі күні 40 шақырым жерге автоматтандырылған суару желілері орнатылған,-делінген хабарламада.

Қызылорда
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Сондай-ақ онда жыл соңына дейін жасыл желекті тағы 20-30 шақырым жерге апару жоспарланып отырғандығы айтылған.

Қызылордада ағаштар қурап жатыр
Фото: Қызылорда әкімдігі

-Маусымдық күтіп-баптау, атап айтқанда топырақты қопсыту, тыңайтқыш себу жұмысы жүргізіледі. Жекелеген талдардың қурауының негізгі себебі — аптап ыстық, топырақтың қатты тұзды болуы және ылғал сіңіруге кедергі келтіретін карбонатты қабаттың болуы. Мәселені шешу бағытында топырақ ауыстыру жұмысы қолға алынды. Жерасты суының тұздылығы жоғары болғаннан қаланың кейбір бөлігінде ағаштар су тасушы техниканың көмегімен суарылады, - делінген хабарламада.

 

Қызылордада ағаштар қурап жатыр
Фото: Қызылорда әкімдігі

Сондай-ақ Қызылордада суару жүйесін жаңғырту және құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлерін көбейтуге байланысты іс-шаралар атқарылып жатқаны мәлім болды.

Қызылордада ағаштар қурап жатыр
Фото: Қызылорда әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар