Қызылордада аптап ыстық кесірінен электр желілеріне түсетін жүктеме артты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында жаз басталмай жатып күннің күрт ысуы жарық сапасына кесірін тигізіп отыр.

Балтық елдері еуропалық электр желісіне ауысты
Фото: Freepik

Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының хабарламасына сүйенсек, аптап ыстық әсерінен электр желілеріне және қосалқы станцияларға түсетін жүктеме екі есе артқан. Себебі «КЕГОК» компаниясына тиесілі қуаты 220 кВт болатын қосалқы станцияда кернеу деңгейі нормаға сәйкес емес.

– Сонымен қатар Қызылорда жылу электр орталығының теңгеріміндегі генераторларға жөндеу жұмысы жүргізіліп, ол да әсерін тигізіп отыр. Соның салдарынан арыз-шағым көбейді. Жоғарыда аталған мекемелер мен Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы кернеуді көтеру мақсатында бірлесіп барлық жұмысты атқарып жатыр, - делінген хабарламада.

Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы осыған орай тұрғындардан электр қондырғыларын үнемді пайдалану үшін артық қосылып тұрған қондырғыларды, желдеткіштерді уақытылы ажыратуды сұрайды.

Синоптиктер бұған дейін Қызылорда облысында күннің күрт ыситынын болжаған еді.

Соңғы жаңалықтар