Қызылордада автомобильдер тиеген жүк көлігі аударылып қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласының тұсында Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан DAF маркалы автокөлігі аударылып қалды.

Жол апаты
Коллаж: Видеодан алынған кадр

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда жеңіл автокөліктер тиелген жүк көлігінің тайғақ салдарынан аударылып қалғаны көрсетілген.

— Оқиға, 5 желтоқсанда сағат 6:30 шамасында М-32 «Шымкент-Самара» тас жолының 1807 шақырымында тіркелді. Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Ж. Маханбетов ауылы тұсында болды. Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан «DAF» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай аударылған. Автокөлікке материалдық шығын келген. Дене жарақатын алғандар жоқ, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада баспалдақтың темір қоршауына басы қысылып қалған бала құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар