Қызылордада балабақша өртеніп, 88 бала эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында Отырар көшесінде екі қабатты балабақша ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қызылордада балабақша өртеніп, 88 бала эвакуацияланды
Фото: Видеодан скрин

13 сәуірде Қызылорда қаласы Отырар көшесі 3А мекенжайында орналасқан ауданы 244 шаршы метр болатын екіқабатты «Ақбілек» орта балабақшасының жертөлесінде ауданы 28 шаршы метр бөлме өртенді. Өрт сағат 12:04–те оқшауланып, 12:11–де толық сөндірілді.

— Келгенге дейін 93 адам, оның ішінде 85 бала өз бетінше эвакуацияланған. ТЖМ күштерімен 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Оның шығу тегі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге  ТЖД 35 қызметкері, 12 техника жұмылдырылды, — деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов.

Бұдан бұрын Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза тапқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар