Қызылордада балалардың терезеден құлау себебі белгілі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Биыл 7 айда Қызылорда облысында балалардың терезеден құлауының 4 жағдайы белгілі болды. Өткен жылы 16 факт тіркеліп, 17 бала түрлі жарақат алды.

Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары жүріп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұған ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы себеп деп отыр.

- Одан бөлек терезеде бекіткіш тордың болмауы және балалардың терезе алдында ойнауынан тіркеледі. Балалар үшін қауіпсіз орта құру, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, өкінішті жағдайларды болдырмау үшін түсіндірме жұмысы ұдайы жүргізіліп келеді. Құрылымдық бөлімшелеріміз тарапынан жыл басынан бері 115 терезе блогы орнатылды, - деді департаменттің басқарма басшысы Бейбітхан Спанов.

Көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі облыс орталығында болғандықтан жазатайым оқиғалар осында жиі тіркеледі.

Құтқарушылардың айтуынша, мұндай оқиғалар күн жылы кезде жиілей түседі.

 

Соңғы жаңалықтар