Қызылордада егіздің сыңары інісіне бүйрегін берді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы

Бірінші науқас – 1979 жылы туған әйелге өзінен үш жас үлкен туған ағасы донор болды. Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды.

– Науқасқа егіздің сыңары, ағасы бүйрегін берді. Отаны аурухана бас дәрігерінің орынбасары, PhD Ербол Серікұлы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлімше меңгерушісі Ислам Мададовтың командасымен бірге жасады. Операция сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа, тиесілі ем қабылдап жатыр, - делінген хабарламада. 

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы

Былтыр ауруханада бүйрекке 6 трансплантация жасалды. Биыл дәрігерлер бірінші рет бауыр ауыстырды. 

Жақында осы ауруханада ашық жүрекке сирек кездесетін ота жасалды. 

Соңғы жаңалықтар