Қызылордада егіздердің басым бөлігі облыс орталығында дүниеге келген

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында өткен жылы азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша 25 095 қызмет көрсетілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1 268-ге аз.

двойни
Фото: pixabay

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 16 310 туу туралы куәлік беріліп, 4 655 қайтыс болу дерегі тіркелді.

— 3 792 ерлі-зайыптының некесі тіркеліп, 338 ерлі-зайыптының некесі бұзылды. Ерекше атап өтетін жағдайлардың бірі — Жалағаш ауданында өткен жылдың қорытындысы бойынша АХАЖ саласында неке бұзу жағдайлары тіркелмеген, — делінген хабарламада.

Былтыр өңірімізде 108 егіз және 1 үшем дүниеге келді.

— Егіздердің басым бөлігі облыс орталығында тіркелсе, ең сирек тіркелген аудандар қатарында Сырдария және Қармақшы аудандары бар, — делінген филиал таратқан мәліметте.

Қызылорда қаласындағы Отбасы орталығы мен аудан орталықтарындағы неке қию залдарында зейнетақы, туу, неке және жеке бас куәліктерін салтанатты түрде табыстау бойынша 5 126 рәсім өткізілді.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елде Жаңа жыл қарсаңында қиылған неке туралы қызықты статистиканы ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар