Қызылордада электр тапшылығы түйе сүтін өңдейтін зауыт жұмысына кедергі келтірген

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында биыл 9 айда прокурорлардың ықпалымен 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Қызылордада электр тапшылығы түйе сүтін өңдейтін зауыт жұмысына кедергі келтірген
Фото: Арал ауданының әкімдігі

Кәсіпкерлерге тиесілі 1,9 млрд теңге қаржы өндірілді. 45 адам тәртіптік, 4 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Облыстық бақылау басқармасы тиісті актісіз құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізіп, кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Қабылданған шаралар нәтижесінде басқарманың жауапты қызметкері соттың қаулысымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Қызылордада электр тапшылығы түйе сүтін өңдейтін зауыт жұмысына кедергі келтірген
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды сүймелдеп келеді. Осы орайда прокуратура органдарының сүйемелдеуімен құны 743 млрд теңге болатын 35 инвестициялық жоба бойынша кедергілер мен заңсыздықтар жойылды. Мысалы, Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау жобасын жүзеге асырушы «Qazaq Camel» серіктестігінің зауытында электр қуаты жетіспей, толық жұмыс істеуге мүмкіндік болмаған. Біздің бастамамызбен аудандық мәслихаттың ұйғарымымен мәселенің оң шешілуіне қаржы бөлінді. Соның есебінен 650 Квт электр энергиясын өндіретін қосалқы станция орнатылды, — деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Қызылордада электр тапшылығы түйе сүтін өңдейтін зауыт жұмысына кедергі келтірген
Фото: Арал ауданының әкімдігі

Бұған дейін Қызылорда облысында фармацевтік қызмет саласында ереже бұзғандар анықталды.

Соңғы жаңалықтар