Қызылордада каратэден Қазақстан кубогының үздіктері анықталды

Қызылордада каратэден Қазақстан кубогының үздіктері анықталды
Фото: видеодан кадр/instagram.com/kazkyokushin_official

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында каратэнің киокушанкай-кан жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының үздіктері анықталды.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан 700-ге жуық спортшы екі күн бойы жекпе-жек өткізді. Олар ката және кумитэ жүйелерінен сынға түсті.

Қазақстан кубогында астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олардың еншісінде барлығы 54 (22 алтын, 15 күміс, 17 қола) медаль бар.

Ал Ақмола облысының командасы 18 (8-7-3), Ұлытау облысы 21 (7-4-10) медаль еншіледі.

Жарыс барысында спортшылар биыл маусым айында өтетін Азия чемпионатына жолдамаларды сарапқа салды.

Сондай- ақ, дан-тест емтиxанынан өткен спортшыларға қара белбеу табысталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын фристайл могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Анастасия Городько жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар