Қызылордада қысқы мезгілге 2000 тонна құм, 310 тонна тұз дайын тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қыс айларында Қызылорда қаласы көшелерінде «Қызылорда тазалығы» мекемесі тарапынан 270 адам қызмет көрсетеді. Сондай-ақ кәсіпорын базасында 2000 тонна құм, 310 тонна тұз дайын тұр.
Қыс айларында диспетчерлер тарапынан 2 ауысымға арнайы кесте жасалып бекітіледі.
«Қызылорда тазалығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қыс мезгіліндегі тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған 57 техника бар. «Бұл техникалар құм-тұз қоспасын шашу, сыпыру, күреу, қар тасымалдау, қар сыпыру, құм-тұз аралас қоспажәне қар тиеумен айналысады. Оған қоса жаяу жүргіншілер жүретін жолдарға қызмет көрсететін ФАУ және „Беларусь 320“ техникасы және автогрейдер жұмыс жасайды. Қысқы уақытта „Қызылорда тазалығы“ мекемесі тарапынан 270 адам қызмет көрсетеді», — деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.
Жалпы алғанда., «Қызылорда тазалығы» мекемесінде жалпы 154 дана техника бар. Оның ішінде 35-і қоқыс тасымалдау, 70-і санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады. Қалғаны — қызметтік көлік және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында жұмыс жасайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада республикалық әкелер форумы өтті.