Қызылордада көктайғақ: көшелерге құм мен тұз себілді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында 4, 5 желтоқсан күндері ауа райы қолайсыз болып, жол көктайғаққа айналуы мүмкін екені ескертілді.

Қызылордада көктайғақ: көшелерге құм мен тұз себілді
Фото: Қызылорда әкімдігі

Синоптиктердің ескертуі дәл келді. Бүгін кеш қарая бас шаһардың көшелері жылтырап шыға келді. Осыған орай қала әкімдігіне қарасты «Қызылорда тазалығы» мекемесінің 140 қызметкері мен 30 техникасы көктайғақтың алдын алу іс-шараларына жұмылдырылды.

- Арнайы техникалар көшелерге құм-тұз аралас қоспа септі. Осындай қолайсыз ауа райы кезінде облыс орталығының тұрғындарын жолда абай болуға шақырамыз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ көктайғақ болғанда қозғалыс қиындауы ықтимал екенін айта келе, халықты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. 

Еске салсақ, синоптиктер 4 желтоқсан күні елорда мен 14 өңірде ауа райы бұзылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар