Қызылордада көпшілік 7 жағажайда ғана жаппай суға түсе алады

ҚЫЗЫЛОРДА.KAZINFORM - Қызылорда облысында су объектілері мен су шаруашылығы нысандарында жаппай демалуға арналған 7 орын белгіленді.

Капчагай природа туризм Қапшағай табиғат туризм пляж  жағажай
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 7 коммуналдық жағажайдың тізімін жариялады. Олар — Арал ауданындағы «Аққұмшық», Қазалы ауданындағы «Қашқансу», Қармақшыдағы «Мұратбаев», Сырдариядағы «Қалғандария», Шиелі ауданындағы «Бәйгеқұм» және Қызылорда қаласындағы «Сыр толқыны», «Сыр Самалы» жағажайлары. 

Облыстық төтенше жағдайлар полиция департаменттері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, еріктілер бірлесіп халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді.

Мамандар жыл басынан бері 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірген. 

- Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзған 5 ата-ана әкімшілік жазаға тартылып , 70 мың теңгеге жуық айыппұл төледі. Балық шаруашылығы инспекциясының мамандары заңсыз балық аулаудың 81 дерегін тіркеп, балық аулаушыларға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салды, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, өңірде Сырдария өзенінен бөлек 200-ге жуық көл бар. Суға түсуге қауіпті 63 учаске белгіленген. 

Бұған дейін біз Астана қаласының аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын барын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар