Қызылордада креативті индустрия субъектілерінің саны артады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін өткен мәжілісте қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ауқымды шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қызылордада креативті индустрия субъектілерінің саны артадыҚызылордада креативті индустрия субъектілерінің саны артады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

— Креативті индустрия субъектілеріне талдау жүргізіп, олардың санын арттыру, аудандардағы «Руханият орталықтарында» креативті хаб бұрыштарының жұмысын күшейту керек. Мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік мекемелердің «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысына ай сайын мониторинг жүргізіңіздер. Мекемелерге электрондық құжаттарды реттеп, архивке тапсыруға дайындау үшін әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, оқыту семинарларын өткізіңіздер, — деді аймақ басшысы. 

Ал биыл 1 шілдеге дейін елімізде креативті индустрияны дамыту қоры құрылады.

Соңғы жаңалықтар