Қызылордада өрттен бір адамды күйік шалып, 35 адам эвакуацияланды

Өрт
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында көп қабатты үйдегі пәтерде шыққан өрттен бір адамды күйік шалып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

9 наурызда сағат 22-ден 14 минут 112 құтқару қызметіне Қызылорда қаласындағы, Сырдария шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Жедел әрекет ету нәтижесінде сағат 22.44-де өрт толығымен сөндірілді. Оқиға барысында 35 адам эвакуацияланып, автосаты және баспалдақ арқылы 3 адам құтқарылды. Өрттен 1 адам күйік жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында облыстық ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 5 бірлік техникасы жұмыс жасады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын жаңбырдан кейін Арал қаласының көшелерін су басты.

Соңғы жаңалықтар