Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Наурызнама онкүндігінің Ынтымақ күнінде облыстағы этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ «Наурыз - достық алаңы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ

Осы күні наурыз көже мен палау әзірленіп, этнос өкілдері мен мекеме қызметкерлері асық ату, ләңгі тебу, гір көтеру және арқан тартудан өзара сынға түсті.

Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ
Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ

 — Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Осы ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жалғастырып отырған. Біз де Ұлыстың ұлы күнінде осы мерекені асыға қарсы алып, қазақтың ұлттық ойындарын бірге ойнаймыз, — деді неміс этномәдени орталығының төрайымы Ирина Шек.

Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ
Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ

Мерекелік шара соңында жеңімпаз қыз-жігіттер мен мен командаларға сый-сияпат жасалды.

Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ
Қызылордада өзге этнос өкілдері де Наурызды тойлады
Фото: "Қоғамдық келісім" КММ

Наурыз мейрамы еліміздегі барлық ұлт өкілін жаңару, бірлік және ізгілік секілді құндылықтар арқылы біріктіреді.

Айта кетелік Астанада Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр

 

Соңғы жаңалықтар