Қызылордада шетелдік инвестор кезіккен мәселеге прокурорлар араласты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС Қызылорда облысында қуаттылығы 240 МВт жылу электр орталығын салып жатыр. Ауқымды инвестжобаның алдында кездескен мәселеге прокурорлар араласты. 

Қызылордада шетелдік инвестор кезіккен мәселеге прокурорлар араласты
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бұл — шетелдік инвестор жүзеге асырып жатқан елдегі ірі энергетикалық жобалардың бірі.

— Жобаның жалпы құны — 215 млрд теңге. Оның аясында 150 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Дегенмен, инвестор инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде қиындықтарға тап болды. Атап айтқанда, жабдықтарды нақты жеткізу сәтіне дейін техникалық құжаттаманың толық пакетін ұсынбауы келісімшартты рәсімдеуге кедергі келтірген. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде инвестициялық келісімшартқа қол қойылып, жобаны іске асыру мерзімі сақталды, — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында. 

Сонымен қатар инвестициялық жобаны іске асыру барысында туындаған 6 өзекті мәселе уақытылы шешімін тапты.

Бұған дейін біз Қызылордада азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 30 дерегі анықталғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум