Қызылордада толассыз жауыннан қала көшелерін су басып қалды

су басты
Фото: Қызылорда әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада кешеден бері толассыз жауған жауыннан қала көшелерін су басып қалды.

Облыс орталығында екі күннен бері нөсер жауын жауып тұр.

Салдарынан қаладағы кейбір көшелерді су басып, бүкіл коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

су
Фото: Қызылорда әкімдігі

Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігі төмендегіше түсінік берді.

«Кешеден бері тоқтаусыз жауған жаңбырдың суын тарту шаралары жүргізіліп жатыр. Аялдама, көше бойы, аулаларға арнайы техникалар жіберілді. Жиналып қалған жаңбыр суы алынуда», — деп мәлім етті әкімдіктен.

су
Фото: Қызылорда әкімдігі

Ал Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 1 су тарту мотопомпасын пайдаланып, 5 қызметкер көшеде жиналған жаңбыр суынан тазарту жұмысына жұмылдырылған.

Нәтижесінде Назарбаев пен Әбдірайымов көшесінің қиылысында толассыз жауын салдарынан жиналған 40 текше метр су тартылған.

су басты
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелованың айтуынша, жаңбыр бүгін кешке дейін созылады.

су
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Ертеңнен бастап күн қабағы ашылады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркістан облысында қатты нөсерден екі көпірді су шайып кеткен еді. 

су басты
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

 

 

Соңғы жаңалықтар