Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Астана қаласының тұрғыны М.Талғатова мен қызылордалық Т.Бурикулова есімді азаматша сотталды. 

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Фото: pexels.com

Жазаға тартылған екі сотталушы 2023 жылдың маусымы мен 2024 жылдың тамыз айы аралығында қылмыстық әрекетке барып, мол табысқа кенелген. 

— Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ойын бизнесін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақша арқылы лицензиясыз жүзеге асырған. Нәтижесінде 27 473 328 теңге аса iрi мөлшерде табыс тапқан. Сот үкімімен М.Талғатова мен Т.Бурикулова ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 3-бөлігінің 2) тармағының талабына сәйкес кінәлі деп танылды. Олар 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталды, — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жалған сенімхат арқылы мекеме қаражатын жымқырған Б.Расилов есімді азаматтың жолын кесті.

Соңғы жаңалықтар