Қызылордада жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бүгін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев ҚР Президентінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 1085 Жарлығын сот ұжымына таныстырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Олжас Әбдіқалықов тағайындалды. Сонымен бірге Қызылорда қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы болып Айгүл Абылаева тағайындалды.
Олжас Әбдіқалықов сот жүйесінде 2009 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы болды.
Айгүл Абылаева сот жүйесінде 1999 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 2007 жылдан бастан бері Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының кеңсе меңгерушісі, сот әкімшісінің басшысы қызметтерін атқарған.
Бұған дейін де Қызылордада жаңа сот төрағалары мен судьялар қызметке кіріскенін жазған едік.