Қызылордадағы Ілияс Жансүгіров тұрған үйдің орнында қазір сауда үйі тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Алаш қайраткерлері 1925-1929 жылдары сол кездегі ел астанасы Қызылордада өмір сүрді. Олар тұрған және қызмет еткен үй-жайлардың көбі бұзылып, орнына жаңасы салынды. Ал кейбірі сол қалпында.

а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

Қызылорда қаласындағы қазіргі И.Тоқтыбаев көшесінде 1928-1929 жылдары кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, драмашы, прозашы Ілияс Жансүгіров тұрған.

Тұрғын үй 1909 жылы салынған, бертін келе үй сүріліп, орнына сауда үйі салынған.

а
Фото: yandex.kz

— Архив мәліметінен аңғарғанымыз, мұнда ақынның достары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Санжар Аспандияров, қазақтың өзге де мәдениет және өнер қайраткерлері қонақ болған. Ғимарат ортаазиялық үй типіне жатады. Қасбетінде «Бұл үйде 1928-1929 жылдары қазақ Совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіров жұмыс істеген» деп жазылған мемориалды тақта ілулі тұр. Ғимарат саз кірпіштен, ал іргетасы күйдірілген кірпіштен салынған. Оны 1989 жылы «Казпроектреставрация» институты зерттеген, — деді Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы тарихи-мәдени мұра бөлімінің инспекторы Зухра Сыздықова.

а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

Сондай-ақ облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов көшесінде қазақ ағартушысы Иса Тоқтыбаев, Әйтеке би көшесінде жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлин, Ә.Тәжібаев көшесінде жазушы Сәбит Мұқанов, Е.Әуелбеков көшесінде қазақ ағартушысы, ақын, жазушы, педагог Міржақып Дулатов өмір сүрген үй болған. 

к
Міржақып Дулатов тұрған үй. Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

Ал Қызылорда қаласы Д.Қонаев көшесіндегі 22-үйде 1917 жылы Перовск большевиктері ұйымының кеңестердің билікті басып алуы туралы шешімі қабылданған. 

а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы
а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі Қызылорда қаласының Желтоқсан көшесінде орналасқан. 

а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

1927 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта ғимаратта қалалық атқару комитеті орналасқан. 1991 жылдан бері ҚазАвтоЖол Қызылорда филиалының теңгерімінде. 

а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

— 1925-1929 жылдары бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті орналасқан ғимарат Әйтеке би көшесінде болған. Ұлтымызға «қазақ» атауын қайтару және Ақмешіт атауын Қызылорда етіп ауыстыру туралы шешім осында өткен съезде қабылданған. Бұл негізі психоневрологиялық аурухана болған. Ел астанасы Алматыға ауысып, ғимарат бірінші республикалық неврологиялық аурухана ретінде қалды. Екінші қабаты 1955-1957 жылдары салынды, — деді орталық қызметкері Зухра Сыздықова. 

а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

Бұл орын кейін бұзылған. Сырдарияның сол жағалауында бұрынғы ҚазЦИК ғимаратының сызбасы бойынша рухани жаңғыру орталығы қайта салынды. 

о
Бейімбет Майлин тұрған үй. Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы
а
Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы

Қызылорда астана болған уақытта халық саны 22,5 мың ғана болатын.

Қала жаңа мәртебеге ие болғанда саз балшықтан салынған үй-жайлардың орнында қос қабатты үйлер сап түзеді. Сол кездегі мөлшермен құрылысқа қыруар қаржы бөлінген. 

Соңғы жаңалықтар