Қызылордаға Қытайдан жұмыс істеуге келетіндер көп

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында 2025 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 598 квота бөлінді.

Жанар Дәулетбаева
Фото: Қызылорда облысы ӨКҚ

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде 38 бірлескен кәсіпорын жұмыс атқарады. Онда еңбек ететін отандастарымыздың саны 9400-ге жуық. 300-ден астам шетелдік рұқсатпен жұмысқа тартылған болса, соның ішінде Қытай (264) мен Түркия (45) азаматтарының салмағы басым. Биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға 288 рұқсат берілді. 

— Қандас мәртебесін беру және ұзарту қызметі бойынша аймағымызға оралған 14 этникалық қазаққа (11 отбасы) қандас мәртебесі берілді. Олар Өзбекстан (12), Қытай (1), Түрікменстаннан (1) келген. 3 адамның қандас мәртебесі ұзартылды, — деді басқарма басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қызылорда облысында жыл басынан бері мемлекет көмегін негізсіз алғандар саны 33,1%-ға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар