Қызылордалық арулар «Макаров» тапаншасынан оқ атып сайысты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қызылорда облыстық полиция департаментінің әйел қызметкерлері арасында «Макаров» тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылордалық арулар «Макаров» тапаншасынан оқ атып сайысты
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Сайыстың негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында қызметтік-қолданбалы спортты, оның ішінде қызметтік қарудан атуды кеңінен дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери-қызметтік даярлық деңгейін арттыру. Жарысты арнайы және кәсіби даярлық басқармасы, ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы және «Динамо» дене шынықтыру, спорт қоғамының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырды.

Қызылордалық арулар «Макаров» тапаншасынан оқ атып сайысты
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Турнирге барлығы 15 команда қатысты. Сала ардагері де бақ сынап, шеберлігін көрсетті.
Қырағылықты, дәлдік пен ептілікті талап ететін сайыста қатысушылар жоғары дайындық көрсетіп, шеберлігін сынға салды. Нәтижесінде І орынды Қызылорда ҚПБ,
ІІ орынды ПЖҮБ, ҚҚБ, ІІІ орынды ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі иеленді.
«Үздік мергендер» атағын Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкері Ақнұр Серікбайқызы, Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкері Зура Шотаева және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкері Нұрсулу Нағашыбай иеленді.

Қызылорда облыстық полиция департаменті
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Ардагер аналар департамент бастығының арнайы дипломдарымен марапатталды.

Бұған дейін біз Шығыс Қазақстан облысында тұратын Әйгерім Тоқтарованың армрестлингтен біршама биікті бағындырғанын, арқан тартыс бәсекелерінде де талай жүлде иеленгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум