Қызылордалық кәсіпкер қомақты салықты төлеуден жалтарған

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордада мемлекет бюджетіне төленуі тиіс салық және өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған кәсіпкер Юн Олегке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен хабарлады.

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
Фото: Алматы әкімдігі

Кәсіпкер декларацияға кіріс-шығысы туралы бұрмаланған дерек енгізіп, мемлекетке 326 млн 369 мың теңгеге жуық залал келтірген.

- Апелляциялық сот үкімімен Юн Олег Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 4 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залалды өндіру міндеттелді. Азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсатында құны 22 млн 440 мың теңге тұратын «LEXUS LX 570» автокөлігі және жалпы құны 49 млн 270 мың теңгеге жуық 13 арнайы техникаға тыйым салу шаралары сақталды, - делінген хабарламада. 

Біз бұған дейін Қызылордада кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаржы жымқырған сотталушы қамаудан босатылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар