Қызылорданың күрішінен қамысына дейін экспортталып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында жыл басынан бері құны 32 млн доллар 68,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 17 мемлекетіне экспортталды. 

Қызылорданың күрішінен қамысына дейін экспортталып жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сүйенсек, барлық өнімнің 88,3%-ы – күріш. Сыр салысы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне жөнелтіліп отыр. Осыған дейін өңірде өндірілген 60 435,9 тонна күрішті осы шет елдер сатып алған. 

Айта кетейік, биыл күріштен орташа өнімділік 58,1 центнер болды. Диқандар 470 мың тоннаға жуық өнім жинады. 

Өңірлік коммуникация қызметі
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

– Одан бөлек облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланд, Қытай мемлекеттеріне құны 6 783,8 мың доллар 1 734,4 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланд мемлекеттеріне құны 1 111,9 мың доллар 3 679,5 тонна қамыс, Ресейге 160 тонна (13,6 мың долар) күріш қалдығы, 200 тонна (46,3 мың доллар) қызанақ, 2 200 тонна (282,1 мың доллар) қауын, қарбыз жіберілді, - делінген хабарламада. 

Ал елімізде астық экспорты Өзбекстанlа – 32,8%-ға, Қырғызстанlа – 2 есе, Ауғанстанlа – 28,8%-ға артқан. 

Соңғы жаңалықтар