ККМ: Ақтөбе және Алматы облыстары учаскелерінде жол ашылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе және Алматы облыстары учаскелерінде жол ашылды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

2011 жылғы 12 ақпанның 8.00 сағатынан бастап ауа-райының қолайсыздығы және жолдың нашар көрінуі салдарынан жабылған Ақтөбе облысындағы Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының Ембі - Шалқар учаскесі (91-257 км) мен Алматы облысындағы Алматы - Өскемен автожолының Үшарал - Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесінде (558-615 км) жол ашылды.

«Сонымен қатар, Үшарал - Достық автожолының Көктума - Достык учаскесінде (83-184 км) қатынас ашылған жоқ», - деп ескертеді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар