Клубтасымен соқтығысқан қақпашы ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық клубтың қақпашысы ел чемпионатының матчынан кейін көз жұмды. Ол ойын барысында командаласымен соқтығысып қалған.
None
None

"Персела Ламонган" мен "Семен Паданг"  командалары арасында өткен ойын кезінде алаң иесінің қақпашысы Чойрул  Худа қонақтардың шабуылшысы  Марсел Сакраментомен допқа таласқан клубтасы Рамоно Родригеспен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан голкипер есінен тана құлаған. Матч төрешісі ойынды тоқтатып, дәрігерлерді шақырды. Олар Худаны өз-өзіне келтіре алмаған соң зембілге салып алаңнан алып шықты. Дәрігерлер госпитальға жеткізілген 38 жастағы Худаны ажалдан арашалап қала алмады, деп хабарлайды Goal.

Матчтан кейін "Перселаның " бапкері Аджи Сантосо Худаның ауруханада көз жұмғанын мәлім етті.

Дәрігерлердің бірі оның басы мен мойнының ауыр жарақаты салдарынан қаза тапқанын хабарлады. Оны құтқару мүмкін болмаған. Худа 1999 жылдан бері үзбей, тек «Персела» командасында ойнаған.

Соңғы жаңалықтар