Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады

АЛТАЙ. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасының «Таза қала» жобасы бұл жолы Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласын аралады. Өңірдің экологиялық ахуалын, тазалық сақтау мәдениетін, абаттандыру жұмысын бағамдап, бар мәліметті сарапшыларға тапсырды.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

«Таза қала» – бірліктің айғағы

Алтайда сенбілік – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі саналады. Ол тек тазалық шарасы емес, сонымен қатар қоғамдық бірліктің тетігіне айналған. Демалыс күні ұйымдастырылған шарада тұрғындар айналаны тазартумен шектелмей, түрлі қоғамдық және мәдени іс-шараларға да белсене қатысты. Атап айтқанда, сенбілікпен қатар спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, күзгі жәрмеңке өтті. 

13 елдімекеннен келген шаруашылық өкілдері өз қолымен өсірген табиғи өнімдерін арзан бағамен ұсынды.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Күзгі тарту жәрмеңкесіне өз бау-бақшамызда өсірген табиғи, экологиялық таза өнімдерді алып келдік. Жәрмеңке ұйымдастырушылары бізге сатылым орындарын тегін берді. Халықтың қарасы көп, – деді жәрмеңкеге өнім әкелген шаруа.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Бұл шаралар «Таза қала» бағдарламасының түсірілімімен тұспа-тұс келіп, тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға ерекше серпін берді. Осылайша, бір күндік сенбілік Алтай жұртшылығының туған өлкеге деген жанашырлығын көрсеткен бастамаға айналды.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Пайдалы іс жасадық. Қаланы таза ұстауға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Көңіл-күй де көтеріліп, бірлік сезімі артты, туған қаламызға деген құрмет осындай әрекеттен көрінеді, – дейді тазалық акциясының белсенді қатысушыларының бірі.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Тарихы терең экостанция 700-ге жуық жасқа бағдар берді. 

Алтайда 1949 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Жас табиғат зерттеушілері станциясы бар. Ол қосымша білім беру мекемесі емес, экологиялық жауапкершіліктің ұстаханасына айналған.

Мұнда 260 тұрақты шәкірт келеді, қосымша 400-ге жуық жас өрен түрлі экологиялық жобаларға қатысады.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Біздің мақсатымыз – балалардың бойында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Ал болашақ дәл осы жауапкершіліктің негізінде өсіп-өркендейді. Біз әр баланың қабілетін ашуға тырысамыз: егер бала жануарлар әлеміне қызықса, сол бағытта дамуына мүмкіндік береміз, ал өсімдіктер дүниесіне ынтасы болса, оған сай қолдау көрсетуге тырысамыз, – дейді станция директоры Светлана Павлова.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Станцияда өлкетану, туризм сынды 10-ға жуық шығармашылық бірлестік бар. Мәселен, флористика үйірмесіне қатысатын шәкірттер жылыжайда өздері өсірген ағаштар мен гүлдерді қаланың мектеп аулаларына егеді. Байқағанымыздай, олар станция жанындағы алқаптың көркін кіргізіп қойған. Бұған қоса экологиялық акцияларға қатысады, ал он саусағынан өнер тамған шәкірттер көркем композиялар дайындайды.

Тұрғындар атсалысып, аулалар абаттанып келеді

Қалада ауласын абаттандырып, гүлдендіріп жүрген тұрғындар көп. Олар – туған өлкесінің көркеюі мен тазалығына өз үлесін қосып жүрген қарапайым қаһармандардың бірі. Солардың бірі – зейнеткер Любовь Самойлова.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Бірнеше жыл бұрын Алтайға көшіп келген тұрғын бірден кіреберісті гүлге бөлеп, айналаны әсемдеуге кіріскен. Оның айтуынша, қазір қалада тұрғындарды көптен мазалаған мәселелер ретімен жүйеленіп жатыр.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Құстар тұрғын үй шатырының саңылауы арқылы кіріп, саңғырып кететін. Мәселе толық шешімін тапты. Жақында шатырға терезелер орнатылды, – дейді Любовь Самойлова.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Ескі үйлерге жаңаша өң берілген

Қаладағы тұрғын үйлердің сырты да, жертөлесі де ақырын ретке келіп жатыр. Мәселен, Фрунзе көшесіндегі тұрғын үйлердің бірі термомодернизация бағдарламасы аясында жөнделіп, шатыры мен кіреберіс есігі жаңартылған. Тұрғын Раиса Қарағожинаның айтуынша, бастапқыда маңайдағы 3 тұрғын үй жөндеуден өткізуге келісім берген, алайда қалған 2 үйдің сырты сайдингпен қапталмай, тек сырланған екен.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Біз үйдің сыртын қаптадық. Өте ыңғайлы, әрі үйдің ажарын арттырып тұр. Қазір басқа үйдің тұрғындары нәтижені көріп, мұның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізді, дейді Раиса Қарағожина.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Апатты үй назардан тыс қалып отыр

Дегенмен, Алтай қаласында тұрғын үй мәселесі толық шешілді деп айтуға әлі ерте. Қалада жөндеуді қажет ететін, тіпті апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлер әлі бар. Соның бірі – Тәуелсіздік көшесінде орналасқан көпқабатты үй. Қасбеті қираған, сырты сырланбаған бұл үйдің қазіргі жағдайы тұрғындарға қауіп туғызып отыр.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Үй бір жағына қарай қисайып тұр. Бұл туралы әкімдікке талай рет хабар бердік, алайда нақты ешқандай шара қабылданған жоқ, – дейді тұрғындар.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Андрейдің табиғатқа адалдығы

Алтай еңбек адамдарымен де көрікті. Мәселен, Андрей Янышевскийдің орманмен байланысы бала кезінен басталған. Қырық жылдан астам еңбек өтілі барысында ол мыңдаған көшетке жан бітіріп, қала көшелерін, саябақтарын жасыл желекке бөледі.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Ағаш отырғызу жай дүние емес. Оны еккеннен кейін қараусыз қалдыру – табиғатқа жасалған әділетсіздік, – дейді ол.

Сондықтан Андрей көшеттердің өсіп-өніп, көкпен таласып, алыстан көрінуі үшін өзіндік әдіс-тәсілдерін қолданады. Қазір оның жұмыс істейтін тәлімбағында 1 миллион 800 мың көшет бар.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Ертеңгі күні бұл көшеттердің басым бөлігі Алтай қаласына көшіріліп, тұрғындардың көз қуанышына айналмақ.

Тарихи орталық & тазалық айнасы

Алтай қаласында тек табиғат емес, тарихи ғимараттар да жаңғыртылып жатыр. Солардың бірі – «Горняк» мәдениет үйі. Тарихи сәулетімен ерекшеленетін бұл ғимарат мәдени өмірдің маңызды орталығы саналады. Қайта құру кезеңінде жеке меншікке өткенімен, 2001 жылы қайтадан мемлекеттік меншігіне беріліп, 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде «Горняк» өз келбетін сақтап қана қоймай, мәдениет ордасы ретіндегі рөлін нығайтты.

Қазір «Горняк» қызметкерлері мен өнерпаздары ғимарат айналасын көрікті ұстауға ерекше назар аударып жүр.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Біздің басты мақсатымыз – тек тарихи ғимаратты сақтап қалу емес, оның айналасын таза және жайлы ету. Таза орта – шығармашылықтың негізі, ол келушілер үшін де маңызды, – дейді «Горняк» мәдени-демалыс орталығының директоры Елена Коробейникова.

Мекемеде 40 қызметкер еңбек етеді, ал өнерге қызығушылық танытатын жастар саны 500-ден асады.

Алтай аспанын торлаған түтін

Алтай
Фото: Видеодан алынған скрин

Алтай аймағындағы ауқымды жұмыстарға қарамастан, өңірдегі қалдық полигонында елеулі кемшіліктер анықталды.

Біріншіден, полигонда экологиялық талаптар мен тазалық нормалары сақталмай отыр. Қоқысты сұрыптау жүйесінің жоқтығы және қалдықтардың жерге көмілуінен жағымсыз иіс тарайды. Сонымен қатар қоқыс тасымалдаушы көліктер жүктің бір бөлігін есік алдында шашып-төгуі және олардың дөңгелектері арнайы сұйықтықпен жуылмауы санитарлық ахуалға кері әсер етеді.

Андрей
Фото: Видеодан алынған скрин

Екіншіден, ылғалды қалдықтардың ыдырауынан пайда болатын түтін желмен айналаға тарап, табиғатқа зиян келтіріп отыр. Қоршаудың болмауы да зиянды заттардың жайылуына себеп болып отыр. Бұл – Қазақстандағы табиғи сұлулығы жоғары аймақтардың бірі үшін алаңдатарлық мәселе.

Жастар саябағы неге қараусыз қалған?

Бұрынырақта саябақ болған орынның қазіргі жағдайы да алаңдатады. Өткен ғасырдан қалған асфальт қана ізін сақтап қалған бұл аймақ қазір мүлдем қараусыз тұр.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Өлкенің тумасы, қоғам белсендісі Сергей Владимирович бұл жайды айшықтап көрсетті. Оның айтуынша, саябақтағы қураған бұталар бұл жердің қаншалықты тозғанын айқын көрсетеді. Ағаш отырғызу ісі қолға алынғанмен, кейінгі күтім мен суару ескерілмей қалған. Соның кесірінен қараусыз қалған аймақ одан әрі жұтай түскен.

Заңсыз қоқыс үйіндісі: қоғам белсендіcі дабыл қақты

Қоғам белсендісі бізге тағы бір маңызды жайттың бетін ашты. Бұрын кен орнына апаратын өндірістік трасса бүгінде бейберекет қоқыс тасталатын орынға айналып барады. Сергей Фаизовтың айтуынша, бұл жер қазір заңсыз қоқыс төгетін алаңға айналған. Қаланың шетіндегі бұл аймаққа енді қоқыс полигонына баруға ерінген тұрғындар мен кейбір жауапсыз кәсіпкерлер тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын еркін тастап кетеді екен.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

— Бұл бір күнде пайда болған мәселе емес. Жылдар бойы бақылаусыз қалғандықтан, бұл жер қалдық төгетін «әдеттегі орынға» айналып кеткен. Қоқыс көбейген сайын ауаның ластануы артады», – дейді белсенді.

Құлаған мүсін неге әлі тұр?

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Қаланың қақ ортасында орналасқан мына ескерткішке байланысты дау да 1 жарым жылдан бері басылар емес. Мүсіннің өзі құлаған, алайда ол сол күйі не жөнделмеген, не орнынан алынбаған. Қала тұрғындары мен мамандар бұл жағдай қаланың эстетикалық келбетіне кері әсер етіп жатқанын алға тартады.

Алтай қаласындағы мәселелер: әкім түсініктеме берді

Алтай қаласының әкімі Ренат Құрмамбаев қаладағы бірқатар өзекті мәселелерден хабардар болып шықты. Оның айтуынша, бірнеше жылдан бері қаланың қақ ортасында құлаған күйі тұрған мүсін бойынша кәсіпкерлермен арада конкурсқа байланысты түсініспеушіліктер болған. Алайда бұл түйткіл шешімін тапқан, енді мүсінді ретке келтіру жұмыстары алдағы уақытта басталады.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Әкім қараусыз қалған саябақтар, қоқыс полигондары мен апатты үйлер мәселесі де назарда екенін айтты.

— «Таза аула» және «Таза тұрғын үй» байқаулары арқылы тұрғындардың қатысуымен тазалық пен тәртіпті жақсарту көзделіп отыр.

Қала маңындағы қоқыс полигонына қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Егер биылғы жылы құжаттама толық аяқталса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады. Жаңа полигон барлық экологиялық және санитарлық талаптарға сай болмақ.

Сондай-ақ, Жастар саябағын жандандыру, қала сыртындағы ретсіз қоқыс үйінділерін жою және осы жерге инвестиция тарту жоспарланып отыр, – дейді әкім.

Сарапшылардың пікірі қандай?

«Таза қала» бағдарламасының игі дәстүріне сай, жиналған материалдар негізінде сарапшылар алқасы қаланың экологиялық ахуалын және тұрғындардың экологиялық мәдениет деңгейін жан-жақты саралап, бағалады.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Қала құрылысын жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлдана Әбіштің айтуынша, Алтайды дамытуға мүмкіндік көп.

— Қала жап-жасыл, көрікті. Аялдамалар ескірген, апатты тұрғын үйлер бар екен. Ескі үйлерді жаңғыртып, адамдарға жайлы орта қалыптастыруға әлі де күш сала беру қажет, – дейді ол.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Серік Рүстембеков қала тұрғындарының ерекше еңбегін атап өтті.

— Алтайда бәрі бар екен. Орман, тау, әсем табиғат. Елдің қала тазалығына бірдей жұмылуы да қуантады. Бірақ қаланың жағдайы орташа, сондықтан орташа баға қойдым, – дейді сарапшы.

Қоқыс полигоны, апатты үйлер, шешімін күткен мәселелер: «Таза қала» Алтай қаласын аралады
Фото: Видеодан алынған скрин

Ал Тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова «Таза Қазақстан» жобасы бойынша жергілікті әкімдік жұмысты күшейту керек деп есептейді.

— Қаладағы қоқыс полигоны, құрылыс қалдықтары жұмысты жүйелеу қажет екенін көрсетеді, – дейді Лаура Маликова.

Осылайша, сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша моноқала 24 ұпай еншіледі.

Моноқалалар арасындағы рейтинг төмендегідей:

· Ақсу – 27 балл

· Екібастұз – 26 балл

· Абай – 24 балл

· Алтай – 24 балл

· Кентау – 23 балл

· Теміртау және Хромтау – 22 баллдан

· Балқаш – 21 балл

· Рудный – 20 балл

· Лисаковск – 19 балл

· Ақсай және Шахтинск – 18 баллдан

Рейтингтің ең төменгі сатысында тұрған қалалар:

· Степногорск пен Жітіқара – 16 баллдан

· Құлсары – 14 балл

· Жаңаөзен – 10 балл

Айта кетейік, рейтинг бойынша Астана 28 балмен бірінші орында тұр. Алматы мен Шымкент 27 баллдан жинап, екінші орынға жайғасты. 

Соңғы жаңалықтар