Көкпекті - Зайсан тас жолындағы жол-көлік апатынан екі адам мерт болып, бес адам жараланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, бес адам жараланды.
None
None

«Апат сейсенбі күні таңғы уақытта Тарбағатай ауданындағы Көкпекті-Зайсан тас жолында болған. Тұғыл ауылынан 35 шақырым жерде екі автокөлік соқтығысқан. ВАЗ 21140 маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, УАЗ 2206 автокөлігін соққан. Оқиға орнында 30 жастағы ВАЗ жүргізушісі және 38 жастағы жолаушысы қаза болды», делінген аймақтық ІІД хабарламасында.

46 жастағы УАЗ 2206 жүргізушісі және 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Ақжар ауылының орталық ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар