Көкшетау аулаларында егеуқұйрықтар көбейген: әкімдік не дейді

АСТАНА. KAZINFORM — Көкшетау тұрғындары көпқабатты үйлердің маңында егеуқұйрықтардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы. нын және дератизация жұмыстары қашан жүргізілетінін мәлімдеді.

Көкшетау аулаларында егеуқұйрықтар көбейген: әкімдік не дейді
Фото: freepik.com

Әлеуметтік желілерде кеміргіштердің көлік тұрақтарының жанында жүгіріп жүргені түсірілген видео тарады. Қала әкімдігі мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданатынын және дератизация жұмыстары қашан жүргізілетінін мәлімдеді.

Жарияланған кадрлардан бірнеше кеміргіштің тұрғын үй ауласында емін-еркін жүргенін көруге болады. Видео авторы олардың қалада пайда болу себебіне қатысты сұрақ қойды.

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қаланың санитарлық жағдайын сақтау мақсатында қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдарда кеміргіштерді жою шаралары қарастырылған.

— «Сервис Дезо» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында мамандандырылған ұйым Көкшетау қаласындағы контейнер алаңдарында егеуқұйрықтар, тышқандар мен тоқалтістерді жою жұмыстарын жүргізеді, — деп хабарлады ведомство.

Әкімдік мәліметінше, дератизация жұмыстарын 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін жүргізу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Оралда қоқыс арасынан егеуқұйрықтар шығып жатқанын хабарлағанбыз.