Көкшетау техникалық институтының жүзден астам түлегіне диплом тапсырылды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында Көкшетау техникалық институтының 18-шы түлектеріне диплом тапсырылды.
None
None

Көкшетау техникалық институтының биылғы түлектерінің диплом және офицер шенін алу салтанатына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ирий Ильин, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова қатысып, сөз сөйлеп, алдағы қиын да жауапты қызметтеріне сәт сапар тіледі.
Бұл күні аталған институттың 102 түлегі диплом алды. Сонымен қатар, шара барысында институт атынан спорттық және қоғамдық іс шараларға қатысқан түлектерде салтанатты жағдайда марапатталды.
Ендігі жерде институт түлектері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен басқа да құқық қорғау құрылымдарына арнайы жолдамамен жұмысқа жіберілетін болды.

null null null null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар