Көкшетауда бес қабатты үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 28 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала бар, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД.

өрт эвакуация
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Бүгін кешке Назарбаев даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы балконнан өрт шыққан. Жалын кейін жоғарыдағы 5-қабаттың балконына тараған.

Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері жедел жетіп, өртті дер кезінде сөндірді. Жоғарғы қабаттарға су беру үшін өрт сөндірушілер автосатыны қолданып, сырттан жалынды оқшаулады.

«Өрт сөндірушілер түтін басқан аймақтан баспалдақ арқылы 28 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», – деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Соңғы жаңалықтар