Көкшетауда биік үйдің төбесінде секірген жастарды полиция іздеп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полициясы Көкшетаудағы үйлердің төбесінде ойнап жүргенін видеоға түсірген жастарды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда биік үйдің төбесінде секірген жастарды полиция іздеп жатыр

Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы зәулім үйлердің төбесінде серуендеп жүрген жастардың видеосы тарады. Монтаж арқылы әсем ән жазылған видео жұртшылықтың назарын аударды. Өйткені жас жігіт-қыздар көпқабатты үйлердің үстінде ойнап жүріп, тіпті секіреді.

Видеоға пікір жазған пайдаланушылар бұлай ойнау қауіпті екенін айтады.

«ІІД видеоны тексеріп жатыр. Түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін ондағы жастардың тұлғасын анықтау шаралары жүргізілуде», - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Соңғы жылдары әлемде «руферлер» деген ерекше субмәдениет қалыптасты. Руферлер ғимараттардың бірінен екіншісіне секіріп, асыр салып жүреді.

Молодые люди сняли видео как они бегают по крышам г. Кокшетау под красивую музыку. Мы думаем, не нужно так делать! Как Вам видео, что скажете?⬇️

Публикация от Кокшетау | Акмолинская область (@kokshevideogram) 13 Апр 2018 в 4:03 PDT