Көкшетауда электр кабелінің зақымдануынан 450 абонент жылусыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Зақымданған электр кабелі Көкшетаудағы Назарбаев-Құсайынов көшелерінің аумағын жылумен қамтамасыз етеді. Апатты жағдайға тап болған көкшетаулықтарға ақмолалық құтқарушылар қол ұшын берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Көкшетауда электр кабелінің зақымдануына байланысты 450 абонент жылусыз қалды
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 желтоқсан күнгі қатты аяз кезінде құтқарушылар облыс орталығының коммуналдық қызметіне көмек көрсетуге мәжбүр болды.

Көкшетауда электр кабелінің зақымдануына байланысты 450 абонент жылусыз қалды
Фото: Ақмола облысы ТЖД

— Жылу сорғы станциясын қоректендіретін электр кабелінің зақымдануынан 450 абонент жылусыз қалды. Оқиға орнына МӨБ-2 құтқарушылары жетіп, шұғыл жұмыстарға қосылды. Жылу сорғы станциясын электрмен жабдықтауды Көкшетау қаласының МӨБ-2 көп функционалды өрт сөндіру автокөлігі арқылы беру туралы шешім қабылданды, — деп түсіндірді Көкшетау қалалық МӨБ-2 бөлімінің бастығы Жандос Жармұханбетов.

Қазір апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, жылу сорғы станциясы арнайы қондырғыларға қосылған. Оның қуаты муниципалды мекеменің қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті.

450 абонентов остались без тепла в Кокшетау из-за повреждения электрокабеля
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ведомствоның хабарлауынша, жұмыс апат толық жойылғанша жалғасады. Әзірге құтқарушылар кезекшілікке шығып, жылу әдеттегідей беріліп жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда жылу электр орталығын салу қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Соңғы жаңалықтар