10:58, 20 Тамыз 2016 | GMT +5
Көкшетауда терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтуде.

Бұл туралы облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.
Шараға орталық штаб, ҰҚКД өңірлік бөлімшесі, облыстық ІІД мен қалалық ІІБ және терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабқа кіретін өзге де мемлекеттік органдар өкілдері қатысуда.
Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметіне қарағанда, оқу-жаттығуы кезінде террористтік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланды. Мұндағы мақсат терроризмге қарсы операция өткізуде күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.
Шара барысында құқық қорғау органдарының дағдарыстық жағдайлардағы өзара әрекеттестігі көрсетіліп, дайындықтары пысықталуда.