Көкшетауда тонаушылықпен айналысқан екі жігіт қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тонаушылықпен айналысқан екі жігіт қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша күдіктілер кездескен адамдардың қолындағы заттары мен киімдерін күштеп тартып алып отырған.

«Ағымдағы жылдың 24 ақпанында сағат 17:00 минут шамасында Көкшетаудың орталық базарының маңында белгісіз екі адам екі жасөспірімнің ұялы телефоны мен былғары курткасын күштеп тартып алған. Күдіктілер келесі күні тағы бір жасөспірімнің әмиәнін тартып алған. Оған қоса, 29 жастағы көкшетаулықтың ақшасын жымқырып кеткен.

Соңғы жаңалықтар
telegram