Көкшетауда зейнеткердің 5 қойын ұрлаған төрт жігіт қолға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда зейнеткердің 5 қойын ұрлаған төрт жігіт қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында облыс орталығының іргесіндегі елді мекендердің бірінде тұратын 62 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз біреулердің 5 қойын ұрлап әкеткенін айтып шағымданған.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында Краснояр кентінде 19-21 жас аралығындағы төрт жігіт отырған «Nissan maxima» көлігі тоқтатылды. Көлікті тінту барысында жүк салғышынан 3 қой шықты.

Қазіргі кезде, күдіктілер қылмысын мойындап, үстерінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, «Nissan maxima» көлігі тәркіленіп, күдіктілердің осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар