Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетауда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы күні су тазарту құрылғыларын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Бұл жобаны қала тұрғындары 14 жылдан астам уақыт бойы күтті. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Көкшетау толық көлемде сапалы әрі қауіпсіз ауыз сумен қамтылды.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Ол су тазарту құрылыстарының салынуы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі орындаудың нәтижесі және азаматтардың өмір сапасын арттырудың символы екенін атап өтті.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

— Таза су — денсаулық кепілі, ал халықты сапалы ауыз сумен қамту — жергілікті атқарушы органдардың тікелей міндеті. Су тазарту құрылыстарын жаңғыртудан бұрын маңызды дайындық кезеңі өтті: түрлі технологиялар мен шетелдік тәжірибелер зерттелді. Бұл үлгідегі құрылғылар аймақ суының ерекшеліктері мен климаттық жағдайына сәйкес салынды. Жаңа кешен қаланы сенімді түрде ауыз сумен қамтып, оның болашақтағы дамуына негіз қалайды, — деді өңір басшысы.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Су тазарту құрылғылары рекордтық мерзімде салынды. Басты технологиялық жетістік — бес сатылы су тазарту жүйесін енгізу. Дәстүрлі дезинфекция, коагуляция және фильтрация кезеңдерінен бөлек, алғаш рет флокуляция және седиментация процестері қолданылды. Сондай-ақ фильтрация процесі жаңғыртылып, су құм мен антрацит көмірінен өткізіліп, иісінен арылып, оттегімен байытылды. Бұл судың күнделікті тұтынуға қауіпсіз ең жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Жобаның құны 6,3 млрд теңгені құрады. Кешеннің өнімділігі тәулігіне 30 000 м³-ке жетеді, ал қаланың қазіргі тұтынуы — 20 000 м³. Жаңа нысан Көкшетаудың сұранысын толық жауып қана қоймай, қаланың болашақтағы өсуіне де қор жасайды.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Жобаның әлеуметтік-экономикалық әсері де зор: қала толық көлемде сапалы ауыз сумен қамтылды, сонымен қатар Сергеевка су қоймасынан су сатып алудан бас тарту есебінен жылына 1 млрд теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік туды.

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Қазіргі таңда барлық құрылыс-монтаж және іске қосу жұмыстары толық аяқталды. Енді нысан қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар