Көкшетауда жылдамдықты шамадан тыс асырған 386 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды
Полицейлердің мәліметі бойынша, қазіргі кезде қала аумағында жол қозғалысын бақылайтын 3 комплекті «Интегра» интеллектуалды жүйесі орнатылған. Олар Горький көшесінің Уәлиханов, Әуелбеков және Әуезов көшелерімен қилысар тусына қойылған. Ал комплекті ИС «Интегра» жүйесі мен жылдамдықты өлшегіш құралы Уәлиханов көшесінің Кенесары, Юбилейнный көшелерімен қилысар тұсы және Абылайхан даңғылында орнатылған. Сонымен қатар жол-патрулдік полициясымен жүріп келе жатқан көліктің жылдамдығын өлшеп, бірден фото, бейне суретке түсіретін мобильді аспапта жиі қолданылады.
«Статистикалық мәліметтерге қарағанда әрбір жол-көлік оқиғасы жылдамдықты шамадан тыс асырғаннан болатынын ескерсек, аталған құрал-жабдықтар темір тұлпарларына қамшы басқан жүргізушілерді анықтап, заң алдына жауапқа тартуға көмектеседі», - дейді полицейлер.
Бүгінгі күні Көкшетау қаласында жылдамдықты шамадан тыс асырған 368 жүргізушіге барлығы 7 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 2 миллионнан астам теңгенің 145 ұйғарым өндіріліп алынды.